- 14.05.2024
- Админ
- Атырау
Рүстем Кенжалин атындағы кабинетін ашылу рәсімі өтті.
Бүгін М.Дулатұлы атындағы №63 жалпы білім беретін орта мектеп-лицейінде қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының түлегі, полиция капитаны Рүстем Кенжалин атындағы кабинетін ашылу рәсімі өтті.
2019 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің “Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 туралы” Қаулысына сәйкес жасөспірімдерді ішкі істер саласына баулу және тәрбиелеу мақсатында мектебімізде кадет сыныптары құрылды.
Салтанатты жиында ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты, Ақтөбе облысы полиция департаменті, білім беру басқармасы мен М.Дулатұлы атындағы №63 жалпы білім беретін орта мектеп-лицейінің ынтымақтастық туралы меморандумға отыру рәсімінің салтанатты жиыны өтті.
Бүгінгі күнгі қазақстандық қоғамның маңызды міндеті - шынайы азамат пен нағыз патриотты тәрбиелеу. Міне, осы мақсатта М.Дулатұлы атындағы №63 жалпы білім беретін орта мектеп-лицейінде жалпы 44 оқушыны құрайтын 2 кадет сыныбы бар. Арнайы сыныпқа іріктеліп алынғандар полицияның “жас көмекшілері” деген мәртебелі атқа ие.
Кадет оқушыларының бойында өз елінің тағдырына, туған өлкесіне деген жауапкершілік сезімін, ата-бабаларымыздың рухы мен дәстүрінде Отанды қорғауға дайындықты қалыптастыру болып табылады.