• Міржақып Дулатұлы атындағы №63 жалпы білім беретін орта мектеп-лицейі
Thumb
  • 08.09.2023
  • Админ
  • Атырау

Хабарлама

Хабарлама

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №356 бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгі ережелеріне» сәйкес  «Міржақып Дулатұлы атындағы №63 жалпы білім беретін орта мектеп - лицейі» КММ-сі 2023-2024 оқу жылына Қамқоршылық кеңесінің құрылуы және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдайтындығы туралы хабарлайды.

 «Міржақып Дулатұлы атындағы №63 жалпы білім беретін орта мектеп - лицейі» КММ Қамқоршылық кеңесінің құрамына үміткерлердің өтініштерін қабылдау: Ақтөбе қаласы, Батыс-2  ауданы, Құрылыс 3 Б  мекен-жайы бойынша жүргізіледі. 

Электронды мекен-жайы: 63-63mektep@mail.kz  телефоны: 8(7132) 45-36-90

 Қамқоршылық кеңес -заңды және жеке тұлғалардан білім беру мекеме шотына түскен қайырымдылық жарналарына қоғамдық бақылау жүргізетін алқалы орган. 

             Қамқоршылық кеңестің мақсаты:

1) білім беру ұйымының жарғы қызметтерін іске асыруына көмек беру;
2) білім беру оқу бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында ұйымның педагогика ұжымы және оқушылар үшін қажетті жағдай жасау;
3) білім беру ұйымының материалды-техникалық базасын нығайту, қаржылай қамтамасыз ету;  

4) білім беру ұйымының әрі қарай дамуы үшін жәрдем ету;

        Қамқоршылық кеңесінің негізгі бағыттары

1) әлеуметтік-мәдени және сауықтыру шараларын өткізуде білім беру ұйымына көмек көрсету;  

2) тәрбие және білім саласындағы халықаралық қатынасты орнатуға және дамытуға жәрдемдесу; 

3) халықтың осал топтарынан шыққан оқушылардың білім алуына, тұрмыс жағдайын жақсартуға, жұмысқа орналастыруға көмектесу;

4) білім беру ұйым жұмысындағы кемшіліктерін жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу.

        Қамқоршылық кеңестің міндеттері:

· Білім беру үдерісін ұйымдастыруға және жетілдіруге жәрдем көрсету;

· Білім беру ұйымына педагогика қызметкерлерінің  және оқушылардың жұмысын ұйымдастыруға жәрдем ету;

· Білім беру мекемесіне педагогика және басқа да қызметкерлердің еңбек жағдайын ұйымдастыруға және жақсартуға көмек көрсету;

· Білім беру мекемесіне мәдени-сауықтыру, туристік-экскурсиялық және спорттық-көпшілік шараларын ұйымдастыруға көмектесу;

· Білім беру мекемесіне материалды-техникалық базасын жетілдіруге жәрдемдесу; (аббаттандыру және жарықтандыру т.с.с.);

· Білім беру мекемесін дамыту және білім үдерісінің аса тиімділігін қамтамасыз ету үшін бюджеттен тыс қаржы алу; 

· Білім беру мекеме оқушыларының,тәрбиеленушілерінің және қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көмек көрсету.

 

 

Қамқоршылық кеңестің құрамына мүше болғыңыз келсе, төмендегі ұсынысты толтыруыңыз сұралады.

                                                                              

                                                                Ақтөбе қалалық білім бөлімінің 

                                                           басшысы  М.О.Қосымбаеваға

                                                                   _____________________________

                                                                 (өтініш берушінің аты жөні)

                                                                  тұратын жері __________________

                                                                   ______________________________

                                                                                                           (көше,үй пәтер)

 

Ұсыныс

 

Мен________________________________________________№_______________________________                                                                                                                    (жеке куәліктің қашан, кіммен берілген)

      

             «Міржақып Дулатұлы атындағы №63 жалпы білім беретін орта мектеп - лицейі» КММ -нің Қамқоршылық кеңесінің құрамына өз кандидатурамды ұсынамын. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым   министірінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 356 бұйрығымен бекітілген «Білім   беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру   және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» негізінде кеңестің   мүшелігіне кандидатқа қойылатын талаптарға сәйкестігімді растаймын.

 

                                                                                                                                                                                                                    ___________________

(тегі, аты-жөні)

 

_____________ (қолы)

 

«___» __________________2023ж