- 04.09.2024
- Админ
- Атырау
Бос орын
Мектеп- лицей бос және (немесе) уақытша бос лауазымдар туралы ақпаратты жұмыспен қамту орталығының «enbek.kz» сайтынан, мектеп-лицейдің https://aktobe63school.edu.kz ресми сайтынан, мектеп-гимназия инстаграм «63zhbboml» парақшасынан көруге болады. Конкурсқа қатысу құжаттары хабарландыру жарияланған күннен кейін, 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі (12 қыркүйекке дейін).
Ақтөбе қаласы «М.Дулатұлы атындағы №63 ЖББОМЛ»КММ- де педагогтердің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына конкурстық негізде жұмысқа қабылдау «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 259 бұйрығы талаптарына сәйкес жүргізіледі.
№ |
Бос және (немесе) уақытша бос лауазым |
Жүктеме |
Тұрақты/уақытша |
1 |
Педагог-ассистент |
1 бірлік |
уақытша |
2 |
Педагог-ассистент |
1 бірлік |
уақытша |
Қажетті құжаттар тізбесі: ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы (Өзгерістер мен толықтырулар 2023 жылғы 15 тамыздағы № 259 бұйрығының 3-тарау, 1-параграф, 154-тармағы) көрсетілген қажетті құжаттар тізбесін негізге ала отырып электронды немесе қағаз түрінде жолдай алады.
1) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты - 60-65 балл;
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
(Ақтөбе қаласы, Алтын орда ауданы. О.Тәтеұлы 3Б құрылыс. ) Электронды пошта 63-mektep@aktgoroo.kz, байланыс телефоны 8(7132) 45-36-90, 87058107160